Қаржыны басқаруды үйрен» шеберлік сабағы
Алмалин аудандық кітапханасында ТК 23-1 тобы студенттері үшін «Қаржыны басқаруды үйрен» тақырыбында танымдық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына қаржылық сауаттылық саласында маңызды білім алған сарапшы Шукшбай Мадина қатысты. Шеберлік сабағы қатысушыларға жеке қаржыны басқарудың негізгі принциптерімен танысуға, бюджет жоспарлауды және кірісті дұрыс бөлуді үйренуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ топ кураторы — Рәбина Қобланқызы және кітапхана меңгерушісі — Нургуль Крыкбаевна да қатысты. Мұндай білім беру бастамалары студенттерге қаржылық сауаттылықты дамытуға және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі!
