ҚАЗ РУС ENG
Найти:

Оқу-тәрбие процесінің жоғары сапасын 100% жоғары кәсіптік білімі бар педагогтар қамтамасыз етеді. Қызметкерлер ұжымы 53 педагогтан тұрады, оның ішінде: 1 доцент, 2 ғылым кандидаты, 2 профессор, 23 магистр. Сондай-ақ педагогтардың қазіргі заманғы біліктілік санаттары бар: 2 педагог-зерттеуші, 3 педагог-сарапшы, 3 педагог — модератор, 3 педагог — жоғары санатты, 2-бірінші санатты, 2-екінші санатты. 4 педагог Алматы қаласы білім басқармасының грамоталарымен, 1 педагог «Экономика мақтанышы» орденімен марапатталған.

Біздің колледждің білім беру үдерісіне инновациялық педагогикалық технологиялар үнемі енгізіліп отырады. Колледждің білім беру қызметінің негізі инновация мен эксперимент болып табылады. Күнделікті оқу процесі жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша қажетті, үнемі жаңартылып отыратын оқу, оқу-әдістемелік және мамандандырылған әдебиеттермен ыңғайлы форматта (баспа және электрондық) қамтамасыз етілген.

Біздің колледждің түлектері оқу курсынан өткеннен кейін алған білімдерін тәжірибеде табысты қолдана отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде көрсете алады. Оның  нәтижесін білім алушылардың жұмысқа орналастырудың жоғары пайызынан көруімізге болады.

Каспий қоғамдық университетінің колледжі білім беру саласында өзінің тұрақты ұстанымы арқылы табысты өркендеуде.