ҚАЗ РУС ENG
Search for:

Шифр: 10130100

Біліктілігі: 4S10130103-қонақ үйдің жедел менеджері

Қонақ үй менеджері деген кім?

Бұл мамандық бойынша менеджердің кәсіби қызмет саласы-қонақ үй кешендері, туристік фирмалар.

Мамандық бойынша түлектер туризм және қонақ үй шаруашылығы саласында қызмет көрсете алады, сондай-ақ қонақ үйдің, қонақ үй кешенінің ұйымдастыру-басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыра алады.

Мамандық бойынша түлектер келесі қызмет түрлерін орындай алады:

 * туризм және қонақ үй шаруашылығы саласында қызмет көрсету;

* ұйымдастырушылық-басқарушылық және маркетингтік қызметті жүзеге асыру;

 * шет тілінде хат алмасу және қарым-қатынас жасау;

 * көрсетілетін қызметтерді жарнамалау үшін құралдарды пайдалана білу.

Қонақ үй маманы қандай дағдыларға ие?

Ұйымдастырушылық дағдылар. Сондай-ақ жақсы қарым-қатынас дағдылары, өйткені өз саласының маманы мекеменің барлық қонақтарын қанағаттандыратын қызмет пен қонақжайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз ете алуы керек.

Елдегі ең жақсы қонақ үйлердімен бірге әлемге бір қадам жақын болыңыз!

Каспий университетінің колледжі заманауи стандарттар мен нарық заңдарына сәйкес «Қонақ үй бизнесі» бағыты бойынша мамандар даярлайды!

 Оқыту тілі:

 * Қазақ

 * Орыс

Оқу мерзімі:

 * 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

  * 11 сынып негізінде-10 ай