ҚАЗ РУС ENG
Search for:

Колледж бен болашақ мамандықты таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі! Кәсіби өсу, мансап және өзін-өзі тану мүмкіндіктері алынған білім сапасына байланысты.

Каспий Университеті колледжінің студенті болу- құрмет және жауапты іс. Біздің колледжде әрбір талапкердің алдында үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Колледж студенттері арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқиды, тәжірибелі ғалымдар мен оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізеді, қызықты жобалаға қатысады және оларды нақты өмірінің серігіне  айналдырады.

Каспий Университеті колледжінің студенттері кәсіптік даярлығының жоғары деңгейімен, өндірістік міндеттерді шешуге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бұл оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді. Біздің түлектер ірі өндірістік кәсіпорындарда, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, халықаралық компанияларда, білім беру мекемелерінде және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді.

Колледжде тек кәсіби дайындық үшін ғана емес, сонымен қатар тұлғаның үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеттері мен таланттарын ашуға көп көңіл бөлінеді. Жарқын оқиғалар, қызықты жобалар, ғылыми жаңалықтар мен жаңа  танысулар-осының бәрі, Сізді біздің колледжде күтеді!

Табысты болашақ дұрыс таңдаудан басталады!