Каспий Университеті Колледжі – WorldSkills Almaty 2025 аймақтық чемпионатында

2025 жылдың 9 –11 сәуір аралығында «Атакент» көрме орталығында WorldSkills Almaty 2025 аймақтық чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа қаламыздың колледждерінен 300-ден астам студент қатысып, 53 түрлі құзыреттілік бойынша бақ сынады. Бұл құзыреттіліктер жұмысшы мамандықтарының кең ауқымын қамтыды.

Каспий Университеті Колледжі аталмыш чемпионатқа белсенді қатысып, біздің студенттер 8 құзыреттілік бойынша колледжіміздің намысын қорғады. Олар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және таңдаған мамандығына деген ынтасын көрсете білді.

Чемпионат «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп, кәсіби білім беру жүйесі үшін маңызды оқиғаға айналды. Чемпионатты Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев арнайы келіп тамашалап, жарысты ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол қатысушылардың шеберлік алаңдарындағы еңбектеріне үлкен қызығушылық танытты.

Біз жеңімпаз студенттерімізді мақтанышпен ұсынамыз:

1.Неживых Игорь — Веб-технологиялар — 2-орын

Эксперт: Тлеубеков Азамат Ғалымұлы

2.Веселкин Дмитрий — Графикалық дизайн — 2-орын

Эксперт: Төленді Әділет Арманұлы

3.Артышев Актан — Прототиптеу — 2-орын

Эксперт: Абдуалиев Алмаз Едігенұлы

WorldSkills – бұл жай ғана жарыс емес, бұл – өсудің, білім беруді жаңғыртудың және болашақ кәсіби мамандарды даярлаудың алаңы. Чемпионат білім беру стандарттарын арттырып, заманауи әдістерді енгізуге және студенттер мен оқытушыларды биік жетістіктерге ынталандыруға сеп болады.

Біз студенттеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз және оларды кәсіби жолында дайындаған ұстаздар қауымына алғысымызды білдіреміз!