CASPAIN’S DANCE BATTLE 2025

2025 жылғы 19 сәуірде Каспий университетінің Колледжінде жыл сайынғы CASPAIN’S DANCE BATTLE би сайысы өтті — бұл 8–11 сынып оқушыларын біріктірген жарқын әрі әсерлі оқиға болды.

Әрбір қатысушы би шеберлігінің жоғары деңгейін, харизмасын және биге деген құштарлығын көрсетті. Сахнада нағыз драйв пен шабыттың атмосферасы орнады!

Қазылар алқасының құрамында кәсіби мамандар болды:
 • Майлыбаев Султан @s.sulalala
 • Ли Диана @lina.lexa
 • Еркебұлан Жақсылық @zherke33  
 • Шаумединов Бислан @sunnysird  

Әр қатысушыға керемет энергиясы, эмоциясы және нағыз би мерекесін жасауға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!