JuniorSkills CCU-2025 мектеп оқушылары арасындағы кәсіби шеберлік байқауы
2025 жылғы 14 мамырда Каспий қоғамдық университеті білім беру мекемесінің колледжі базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектеп оқушылары арасында JuniorSkills CCU-2025 кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығы мен оқу бағытын таңдауға қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық пен техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты дамыту. Биылғы байқау «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша өтті. Байқауға қаланың келесі мектептерінің оқушылары қатысты: – ҚББ КММ «№151 орта мектеп» = №176 мектеп-гимназиясы = №209 мектеп-гимназиясы Колледж оқытушылары байқауға арналған келесі өзекті тақырыптар бойынша практикалық тапсырмалар дайындады: «Мақтаныш пен қуат: Отан қорғаушылар күніне арналған постер» «Жад пен даңқ: Жеңіс күніне арналған журнал мұқабасы» Қатысушылар үшін заманауи жабдықтармен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған жұмыс алаңдары дайындалды. Бұл жағдайлар оқушылардың шығармашылық әлеуетін барынша көрсетуге мүмкіндік берді. Байқау жеңімпаздары: – 1-орын — Бағланұлы Тарлан (№209 мектеп-гимназиясы) – 2-орын — Мачанлин Рамазан Хусаинович (ҚББ КММ №151 орта мектеп) – 3-орын — Ештай Айлун Анарбайқызы (№176 мектеп-гимназиясы) JuniorSkills CCU-2025 байқауы колледждің кәсіптік бағдар беру саласындағы жұмысының тағы бір маңызды қадамына айналды. Бұл шара оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға және өз күшіне сенімді болуына ықпал етті.
