ENACTUS Kazakhstan ROAD SHOW 2025
2025 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында студенттік кәсіпкерлік саласындағы жылдың маңызды оқиғаларының бірі — “ENACTUS Kazakhstan ROAD SHOW 2025” форумы өтті. Іс-шараны Каспий университетінің колледжі және ENACTUS Kazakhstan ұлттық өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның мақсаты — студенттер арасында әлеуметтік және кәсіпкерлік ойлауды дамыту, жастар бастамаларын қолдау, сондай-ақ жас көшбасшылар, кәсіпкерлер мен сарапшылар арасында идеялар алмасуға арналған платформа құру болды. Іс-шараға Алматы қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері, “ENACTUS Kazakhstan National EXPO” жеңімпаздары, сондай-ақ ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшелері қатысты.
Форум тек білім беру алаңы ғана емес, шабыттандыруға, даму мен командада жұмыс істеуге арналған кеңістікке айналды.
Каспий университетінің колледжі осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырғанына мақтанышпен қарайды және студенттердің көшбасшылық пен кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады. Біз форумға қатысқан барлық студенттерге, сарапшыларға және серіктестерге алғыс білдіреміз.
ENACTUS – әлемді өзгертетін әрекеттер!


