Жазғы көшбасшылық және кәсіпкерлік мектебі
Next Gen Business Academy | Enactus Kazakhstan | College Caspian
2025 жылғы 16 маусымда Enactus Kazakhstan ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған Next Gen Business Academy — Жазғы көшбасшылық және кәсіпкерлік мектебінің салтанатты ашылуы өтті!
Бұл маңызды шара — оқуға, дамуға және өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға дайын, бастамашыл, өршіл және креативті студенттерді біріктірді.
Мектеп бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді, кәсіпкерлік ойлауды, командада жұмыс істеу мен өзін таныстыру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қатысушыларды табысты кәсіпкерлерден шеберлік сабақтары, тренингтер, практикалық тапсырмалар мен стартап-челлендждер күтеді.
Алда — білімге, қарым-қатынасқа және тұлғалық өсуге толы күндер!
Барлық студенттерді болашақ көшбасшылар мен кәсіпкерлер командасына қосылуға шақырамыз.
Enactus Қазақстан сізді күтеді!

