ҚАЗ РУС ENG
Search for:

Шифр: 04140100

Біліктілігі: 4S04140103-Маркетолог

Маркетолог деген кім?

Маркетолог- бұл нарық пен оның тұтынушылары арасындағы байланыс.

Өндірушіге адамдардың қажеттіліктерін түсінуге және қанағаттандыруға барынша көмектесетіндіктен, өнімнің одан әрі жетістігі, танымалдығы және сатылу деңгейі маркетинг маманына байланысты.

 Мамандық экономика, психология және әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық танытатын жандарға ұсынылады.

 Маркетолог болу үшін қандай дағдылар қажет?

Біріншіден, коммуникация өнері, өйткені маркетингтің негізгі міндеттерінің бірі клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру болып табылады.

Сондай-ақ, жақсы маркетолог шығармашылық ойлауға ие, нарықты талдай алуға және әртүрлі мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарай аолуы тиіс.

Кәсіби маркетолог болғыңыз келе ме?

Каспий университетінің колледжі заманауи стандарттар мен нарық заңдарына сәйкес маркетинг мамандарын дайындайды!

Оқыту тілі:

* Қазақ

* Орыс

 Оқу мерзімі:

* 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

* 11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай