ҚАЗ РУС ENG
Search for:

Шифр: 04130100

Біліктілігі: 4S04130101-Менеджер

 Менеджер деген кім? 

Менеджер —  басқарудың шебері. «Менеджмент» сөзі «басқару»деп аударылады. Осы саласының білікті  мамандары жобаның немесе компанияның жұмысын ұйымдастыруға толық жауап бере алады. Сондай-ақ, олардың қарамағында мамандар мен  арнайы сарапшылар қызмет атқарады.

Менеджер білуі тиіс:

 ·         ҚР Конституциясының негіздерін, ⠀

·         экономика негіздерінің жалпы ережелерін, ⠀

·         менеджменттің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, ⠀

·         өндірістің заманауи ұйымдастырылуы мен технологиясын, ⠀

·         іскерлік қарым-қатынас психологиясы мен этикасын, ⠀

·         персоналды басқаруды ұйымдастырудың теориялық және практикалық аспектілерін,

·         ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда-экономикалық қатынастардың негізгі нысандары мен ерекшеліктерін, ⠀

·         қаржыны басқару негіздерін.

Менеджер болу үшін қандай дағдылар қажет?

Ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдылар, сондай-ақ жоспарлау және дұрыс бағыт беру. Өйткені,  бизнестің қандай бағытта дамитынығы тікелей менеджерге  байланысты.

Менеджер мамандығы ең сұранысқа ие және перспективті болып саналады. Өйткені  көшбасшылар әрқашан қажет!

Мүмкін сіз болашақ топ-менеджерсіз!

Каспий университетінің колледжі заманауи стандарттар мен нарық заңдарына сәйкес менеджмент мамандарын дайындайды!

Оқыту тілі:

 * Қазақ

 * Орыс

Оқу мерзімі:

 * 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

* 11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай