Қоғамдық білім пәндері апталығы

Колледжде қоғамдық білім пәндері апталығы сәтті өткізілді. Апталық аясында оқытушылар студенттердің таным көкжиегін кеңейтуге, әртүрлі білім салаларына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған көптеген танымдық, шығармашылық және тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастырды.

Апталық барысында өзекті тақырыптарға ашық сабақтар өткізілді. Оқытушы Әбдығани Л. «Инженерлік және медициналық биомеханика. Жүректің автоматия механизмі» тақырыбында сабақ өткізді, мұнда студенттер биомеханиканың негіздерімен және жүректің қызмет ету принциптерімен танысты. Оқытушы Абзалеева Б.К. «Спирттер» тақырыбында ашық сабақ өткізді, сабақ барысында спирттердің химиялық қасиеттері мен қолданылуы қарастырылды.

Тарихи тақырыптар бойынша да бірнеше сабақ ұйымдастырылды. Оқытушы Берікұлы И. «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді, сондай-ақ «Қазақстан тарихы. XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы» тақырыбында сабақ өткізді, мұнда мемлекеттің қалыптасу кезеңдері мен экономикалық процестердің негізгі кезеңдері қарастырылды. Оқытушы Давутова Г.Д. «М.Ганди және оның зорлық-зомбылықсыз қарсылық идеясы. Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Н. Мандела – апартеидке қарсы күрескер» тақырыбында сабақ өткізді, бұл студенттерде бейбітшілік, теңдік және әділдік құндылықтарын қалыптастыруға септігін тигізді.

Шығармашылық және тәрбие бағытындағы іс-шаралар да апталық бағдарламасында маңызды орын алды. Оқытушы Жакипова Р.М. «Наурыз – көктем» тақырыбында ашық сабақ өткізді, онда мерекенің дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылды. Тәрбие сағаты «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» тақырыбында Итемирова А.С. және Козбекова Л.Д. ұйымдастырды, бұл студенттерге ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Апталық аясында интерактивтік және интеллектуалдық іс-шаралар да өткізілді. Ераланова М. жетекшілік еткен «Орыс әдебиетінің білгірлері» атты баттл студенттердің әдебиетке қызығушылығын арттырды, ал Давутова Г.Д. ұйымдастырған «Тарих және өткенді зерттеу» пікірталас студенттерге өз ойларын білдіруге және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Оқытушы Абзалеева Б.К. ұйымдастырған «Химиялық КВН» ойын сабағы оқу мен ойын элементтерін біріктіріп, қызықты түрде өтті.

Апталықтың практикалық бағыттылығы экскурсиялар мен қолданбалы сабақтар арқылы жүзеге асырылды. Әбдығани Л. жетекшілігімен студенттер Биологиялық музейге танымдық экскурсияға барды, онда олар экспонаттарды көріп, биология бойынша білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ, оқытушы Құзайыр Ә.Ә. «Кулинарлық саяхат» іс-шарасын өткізді, қатысушылар әртүрлі аспаздық дәстүрлермен танысты.

Студенттердің физикалық дамуына ерекше көңіл бөлінді. Студенттер арасында өткізілген спорттық жарыс – «Сағат» ойыны Ступина С.Д. және Байдильнов Т.К. ұйымдастырды. Жарыс достық және бәсекелестік атмосферасында өтті, командалық рухты нығайтты.

Өткізілген қоғамдық білім пәндері апталығы колледж өмірінде маңызды оқиға болды. Ол оқу, тәрбие және сабақтан тыс іс-шараларды біріктіріп, оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейін және студенттердің белсенділігін көрсетті.