Nauryz Fest

Каспий университетінің колледжі университет көлеміндегі көктемгі іс-шара – Nauryz Fest мерекесіне қатысты. Бұл шара студенттердің мәдени, спорттық және шығармашылық белсенділігін біріктірді. Әрбір қатысушы өз Дастарханын дайындап, ұлттық тағамдарын таныстырды, сондай-ақ студенттердің мәдени дәстүрлері мен таланттарын көрсететін шығармашылық нөмір ұсынды.

Фестиваль бағдарламасына бірнеше спорттық жарыстар да кірді. Солардың ішінде «Тоғызқұмалақ» сайысы өтті, оған студенттер Қожахан Сабина және Палиязова Дилафруз қатысты. Көрерменге ерекше әсер қалдырған тағы бір жарыс – «Арқан тартыс», онда командалар өз күштері мен командалық рухтарын көрсетті. Сондай-ақ «Қап көтеру» жарысы ұйымдастырылды, оған қатысқан біздің студент Заам Вилен бірінші орынға ие болып, басты жүлдені алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Каспий университетінің колледжі бірінші орынға ие болды және команда 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болып, ұйымдастырушылық, бірлік пен студенттердің шығармашылық әлеуетінің символына айналды.

Nauryz Fest мерекесі тағы бір рет дәлелдеді: Наурызды мерекелеу тек дәстүрді сақтаумен шектелмей, сонымен қатар талантты, күшті және командалық бірлікті көрсету мүмкіндігі болып табылады.