Нашақорлықтың алдын алу бойынша қонақ дәрісі
Колледжде нашақорлықтың және есірткіге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Спикер ретінде Досболова Сулушаш Акылбековна – полиция майоры, аға жедел уәкіл сөз сөйледі. Кездесу барысында есірткі заттарының таралу мәселелері мен осы саладағы құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары қарастырылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.



