«ProПраво» олимпиадасы: қорытынды және жеңімпаздар

Алматы қаласында «ProПраво: заңды біл және алғашқы қадамнан кәсіби бол!» атты олимпиада өтті. I кезеңде эссе жазу тапсырмасы бойынша 200-ден астам мектеп оқушысы қатысты.

Іріктеу нәтижесінде 48 қатысушы II кезеңге өтіп, онда практикалық кейстерді шешті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және құқықтық білімдерін көрсетті.

🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
I орын – Червенчук Полина
II орын – Әсембай Альмансур
III орын – Айдарова Алсу