Студенттердің әскери бөлімге сапары

Колледж студенттері №5571 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери бөліміне таныстыру сапарымен барды.

Іс-шара барысында тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскер жауынгерлерін еске алу күніне орай гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Қатысушылар қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен Отанға деген қызметіне құрмет көрсетті.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, ел тарихына және әскери қызметшілердің ерлігіне деген құрметті арттыруға ықпал етеді.