«DALA SKILLS – 2026» Республикалық чемпионатында 1 орын

«Туризм» білім беру бағдарламасының командасы Актау қаласында WorldSkills Kazakhstan қозғалысы аясында өткен «DALA SKILLS – 2026» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында колледж намысын абыроймен қорғады. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең мықты студенттер қатысып, жоғары кәсіби дайындықтары мен практикалық дағдыларын көрсетті.

«Этно-туристік қызметтерді ұйымдастыру» құзыреттілігі аясында команда «КӨШПЕНДІЛЕР ІЗІМЕН: АЛМАТЫ ӨҢІРІНІҢ ЭТНОТУРИСТІК МАРШРУТЫ» атты авторлық жобасын ұсынды. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар чемпионаттың барлық модульдерін сәтті орындап шықты. Оның ішінде туристік өнім әзірлеу, бағытты ілгерілету, жобаны таныстыру және арнайы практикалық тапсырманы орындау жұмыстары қамтылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Каспий университеті колледжінің командасы республиканың колледждері арасында 1-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!