«DALA SKILLS 2026» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
«DALA SKILLS 2026» байқауында республикалық деңгейде І орынды иеленген қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара олардың жетістіктерін мойындау және жоғары кәсіби даярлығын атап өту мақсатында ұйымдастырылды.
Әкімшілік жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтап, олардың еңбекқорлығы, табандылығы және даму жолындағы талпынысын ерекше атап өтті. Қатысушылар оқу орнын республикалық деңгейде абыроймен таныстырғаны үшін алғысқа ие болды.
Салтанат соңында Каспий қоғамдық университеті колледжінің директоры Ануаш Жігер Дүйсенбекұлы жеңімпаздарды жеке өзі марапаттап, олардың жетістігінің колледж үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта жаңа биіктер мен табыстар тіледі.



