Caspian College студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуде

2026 жылғы 25 мамырда Caspian College делегациясы Ақтау қаласындағы Yessenov College және Yessenov University оқу орындарына барып, ресми кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сапар барысында колледж өкілдері заманауи білім беру экожүйесімен, технологиялық хабпен, зертханалармен, инновациялық алаңдармен және студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын 2026–2027 оқу жылында іске қосу туралы келісімге келу болды.

Сонымен қатар, тараптар форумдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шеберлік сабақтары, байқаулар, тағылымдамалар және кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы бірлескен білім беру және жастар бастамаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Меморандумға қол қою студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.