College Caspian студенттері спорттық туризмнен халықаралық жарыста III орын иеленді
Каспий университеті колледжінің «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері жаяу қашықтықтағы спорттық туризм бойынша халықаралық жарысқа қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша студенттерден құралған құрама команда құрметті III орынға ие болды! Бұл – студенттеріміздің дайындығын, командалық жұмысын және жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын көрсететін лайықты нәтиже.
Студенттерімізді жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жарқын жеңістерге және жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!



