Каспий университетінің колледжінде QYZFOND таныстырылым кездесуі өтті
Каспий университетінің колледжінде SMM және IT бағыттары бойынша гранттық білім алу мүмкіндіктеріне арналған QYZFOND таныстырылым кездесуі өтті. Студенттер Impactum және Kumbel LAB білім беру бағдарламаларымен танысып, оқу ерекшеліктері мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында қатысушыларға бағдарламаларға қатысу талаптары мен іріктеу тәртібі түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар студенттердің заманауи білім беру бастамалары туралы ақпаратын кеңейтіп, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге жаңа мүмкіндіктер ашады және жастардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.



