Korean Culture Day: корей тілі бойынша ашық сабақта Корея мәдениетімен танысу
Колледжімізде Кореяның мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған Korean Culture Day тақырыбында корей тілі бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ студенттерге шет тілін меңгеру білімдерін тереңдетіп қана қоймай, Азиядағы өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін елдердің бірі – Оңтүстік Кореяның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында студенттер корей халқының салт-дәстүрлері, ұлттық әдет-ғұрыптары, күнделікті өмір салты және мәдени құндылықтары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар корей әдебі, ұлттық мерекелері, дәстүрлі тағамдары мен қазіргі заманғы мәдениетінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара танымдық әрі интерактивті форматта өтіп, тіл үйрену үдерісін өзге елдің мәдениетімен танысумен ұштастырды. Осындай сабақтар студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.



