Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманымен қонақ дәрісі

College Caspian колледжінде Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы талдау және есеп бөлімінің жетекші маманы Мухамеджанова Лия Руслановнаның қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

Кездесу барысында студенттер мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен, негізгі жұмыс бағыттарымен және талдау мен есеп жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ салық салу, қаржылық сауаттылық және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Қонақ дәрісі студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, осы сала мамандарының практикалық қызметімен танысуға және болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер білім беру үдерісі мен нақты кәсіби ортаның байланысын нығайтуға ықпал етеді.