College Caspian мобильді қосымшасының іске қосылуы
Каспий университеті колледжінде студенттерге арналған ресми мобильді қосымша іске қосылды. Аталған цифрлық сервис оқу үдерісіне және студенттердің күнделікті өміріне қажетті ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, өзара байланысты жеделдету және бірыңғай әрі ыңғайлы платформа қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Қосымша қарапайым тіркелу жүйесімен, интуитивті түсінікті интерфейсімен және қазақ және орыс тілдерін қолдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Авторизациядан кейін студенттер басты бет арқылы өз тобы, курсы, сабаққа қатысу көрсеткіші, бүгінгі сабақ кестесі, колледждің соңғы жаңалықтары мен алдағы іс-шаралар туралы өзекті ақпаратпен таныса алады. Деректер нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады.
Қосымшада әрбір студентке қажетті негізгі бөлімдер қамтылған. Пайдаланушылар жаңалықтарды санаттар бойынша (академиялық, спорттық, мәдени) қарау, бір аптаға арналған сабақ кестесін көру, іс-шараларға бір рет басу арқылы тіркелу, сондай-ақ колледждің спорттық және басқа да клубтарына жазылу мүмкіндігіне ие.
«Профиль» бөлімінде студенттің жеке деректері, үлгерімі, орташа балы және қосымшаның тілдік баптаулары көрсетілген. Сонымен қатар «Басшылық» бөлімінде колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы, дресс-код талаптары, ішкі тәртіп ережелері, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат ұсынылған.
Кері байланыс пен қауіпсіздікке ерекше назар аударылған. «Сенім қызметі» арқылы студенттер ұсыныс, сұрақ, шағым, алғыс білдіру немесе қауіпсіздікке қатысты өтініштерін қажет болған жағдайда анонимді түрде жолдай алады. Қосымша IOS және Android платформаларында жүктеуге қолжетімді және барлық студенттерге пайдалануға ұсынылады.



