ҚАЗ РУС ENG
Search for:
Педагог кадрлардың біліктілігін кәсіпорындарда тағылымдамадан өту арқылы арттыру

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру аясында колледж оқытушылары бейінді кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдамалар оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін тереңдетуге, сондай-ақ экономиканың нақты секторындағы заманауи жұмыс тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік берді. Тағылымдамалар білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға және студенттерді оқытуда практикалық бағытты күшейтуге бағытталды.

«Маркетинг» бағыты бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылар:

  • Давыденко Екатерина Владимировна – «ТУМАР – ТРАНС» ЖШС базасында «Бизнес-процестерді цифрландыру» тақырыбында;
  • Наби Маржан Байжанқызы – «Grand Hotel “Tien-Shan”» ЖШС-де «Қонақ үй бизнесіндегі маркетингтік қызметтің заманауи тәсілдері» тақырыбында;
  • Оласанова Разиям Кайсаровна – «Barys media» ЖШС-де «Медиажоспарлау және жарнамалық технологиялар» тақырыбында.

«Менеджмент» бағыты бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылар:

  • Семжанова Гульмира Махамбеткалиевна – «ТУМАР – ТРАНС» ЖШС-де «Менеджмент және тиімді басқару» тақырыбында;
  • Есенбекова Асем Бекмухаметовна – «ТУМАР – ТРАНС» ЖШС-де «Туризм саласындағы қызметтерді басқару және ілгерілету» тақырыбында;
  • Асанова Жулдыз Алхановна – «World Trade Center Almaty» ЖШС-де «Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы экономика және басқару» тақрыбында;
  • Айтбекова Аида Даниярқызы – «Allur Motor Almaty» ЖШС-де «Компания қызметіндегі сату стратегиясының орны» тақырыбында.

«Туризм» бағыты бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылар:

  • Абдрайымов Матрим Абдыкеримович – «Ел-Таир» ЖШС-де «Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметінің (Front Office) жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында;
  • Асанов Ұлан Шәріпханұлы – «Ел-Таир» ЖШС базасында;
  • Зайрахунова Дилнара Кенжахуновна – «Мак Сервис ЛТД» ЖШС-де «Қонақ үйдегі мейрамхана қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында;
  • Нүсүпбек Ақжарқын Ғинаятқызы – «Мак Сервис ЛТД» ЖШС-де «Қонақ үй бизнесіндегі ішкі жүйе және сервис» тақырыбында.
EF Spelling Bee ағылшын тілі бойынша білім сайысы

30 желтоқсанда колледж студенттері EF Spelling Bee ағылшын тілі бойынша білім сайысына қатысып, шетел тілін меңгеру деңгейін, сондай-ақ reading және listening дағдыларын көрсетті. Аталған іс-шара білім алушылардың тілдік құзыреттілігін, зейінін және академиялық ынтасын арттыруға бағытталды.

Сайыс барысында қатысушылар ауызша және жазбаша мәтіндерді түсіну, сөздік қоры мен тыңдап қабылдау қабілетін тексеруге арналған тапсырмаларды орындады. Конкурс студенттерге өз білімін көрсетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ағылшын тілін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз EF Spelling Bee ойынының финалдық кезеңіне жолдама алады. Ал финалистер арасынан іріктелген екі жүлдегер EF (English First) компаниясының Англиядағы жазғы тілдік лагерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Enactus халықаралық студенттік платформасының презентациясы

2025 жылғы 24 желтоқсанда студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған Enactus халықаралық студенттік платформасының презентациясы өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Enactus деген не екені, платформа студенттерге қандай мүмкіндіктер ашатыны және оқу кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларды қалай жүзеге асыруға болатыны туралы ақпарат берілді. Арнайы назар командалық жұмысқа, көшбасшылыққа, бизнеc-қоғамдастықпен өзара әрекеттесуге және кәсіби құзыреттерді дамытуға аударылды.

Студенттер сондай-ақ Enactus командасына қалай қосылуға болатынын, қатысушылар алдында қандай перспективалар ашылатынын және жобаларға қатысу CV-ді жетілдіруге және құнды практикалық тәжірибе алуға қалай көмектесетінін білді.

«Каспий қоғамдық университеті» ББМ-ның колледжі оқытушыларының авторлық бағдарламалары негізіндегі тиімді педагогикалық тәжірибені трансляциялау

2025 жылғы 24 желтоқсанда «Каспий қоғамдық университеті» ББ колледжінде колледж оқытушыларының авторлық бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін таратуға арналған семинар өткізілді.

Тиімді педагогикалық тәжірибені тарату, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісіне заманауи білім беру технологияларын енгізу мақсатында «Каспий қоғамдық университеті» ББ колледжінің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибелері трансляциялауға ұсынылды.

Семинар аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Аксёнова-Гяурова О.В.-ның педагогикалық тәжірибесі таныстырылды. Педагогикалық тәжірибенің тақырыбы — «Шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу». Аталған тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдардың авторлығы білім беру саласындағы ГНМЦНТ тарапынан 2025 жылғы 3 қазанда берілген № 215 куәлікпен расталған.

Сондай-ақ арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Султанов Н.М.-ның педагогикалық тәжірибесі ұсынылды. Педагогикалық тәжірибенің тақырыбы — «Жасанды интеллект». Осы тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдардың авторлығы білім беру саласындағы ГНМЦНТ тарапынан 2025 жылғы 5 желтоқсанда берілген № 345 куәлікпен расталған.

Семинар жұмысына Алматы қаласының үш ауданының колледж педагогтары қатысты:

  • Алматы құрылыс және менеджмент колледжі (Бостандық ауданы);
  • Алматы автомеханикалық колледжі (Жетісу ауданы);
  • Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі (Түрксіб ауданы).

Семинарды өткізу инновациялық педагогикалық тәжірибелермен алмасуға, педагогтар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталды.

«Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбында ерлік сабағы

Бүгін, үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанында  колледж кітапханашысы Ошақбаева Н.Қ. ТК 25-1 тобымен «Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбында ерлік сабағын өткізді. Кіріктірілген сабаққа қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Итемирова А.С. қатысты.

Сабақтың мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының  өмірінен мағлұмат бере отырып, Отан үшін отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа елжандылық тәрбие беру. Батыр ата  ерлігінен  үлгі алуға  баулу. Отанын, туған жерін сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Шараның өту жоспары:

  1. Кіріспе сөз.
  2. «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін».
  3.  «Жыр сағаты».
  4. Кітап көрмесімен таныстыру.
  5. Қорытынды.

         Студенттер «Жыр сағаты» кезеңінде Бауыржан Момышұлының шығармалары мен Батырға  арналған шығармалардан үзінділер оқыды.

         Сабақтың соңында кітапханашы «Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырылым жасады.

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған ерлік сабағы

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында МГР 25-2 және ПО 25-1 оқу топтарында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Адам, жауынгер, жазушы» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Тақырыптық сабақты ұйымдастырушы – кітапханашы Ошақбаева Н. Қ. Сабақты өткізуге сондай-ақ келесі оқытушылар қатысты:
Итемирова А. С. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Акимбекова С. К. – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды патриоттық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, өз елінің тарихына, халықтың қаһармандық өткеніне және көрнекті тұлғаларға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен әскери мұрасы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі, сондай-ақ әдеби қызметі қарастырылды. Әсіресе Б. Момышұлы қолданған тактикалық тәсілдерге, соның ішінде «Момышұлы спираліне», сондай-ақ Мәскеу қаласын қорғауға қатысуына ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында МГР 25-2 және ПО 25-1 топтарының студенттері Бауыржан Момышұлына арналған өлеңдер оқыды. ПО 25-1 тобының білім алушылары келесі шығармалардан үзінділер оқыды:
Б. Момышұлы «Артымызда Мәскеу»,
З. Ахметова «Жарқын күндер»,
А. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»,
С. Шаймерденов «Аға буын ағалардың алақаны».

МГР 25-2 тобының студенттері Бауыржан Момышұлының танымал нақыл сөздері мен қанатты сөздерінен құралған топтаманы ұсынды. Іс-шара соңында Бауыржан Момышұлының өмірі, әскери жолы және әдеби мұрасына арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

College Caspian және Green Apple жаңа жылы сусындар топтамасын – CASPIAN VIBES: WARM EDITION – іске қосады

Каспий Университеті колледжі Green Apple серіктестерімен бірлесе отырып, студенттер мен колледж қонақтары үшін жаңа жылы сусындар топтамасын ұсынады. CASPIAN VIBES: WARM EDITION желісі суық күндерде жылытып, жайлылық сыйлап, оқу барысында энергияны қолдауға арналған.

Желі әртүрлі жылы сусындарды қамтиды, олардың әрқайсысы әртүрлі көңіл-күй мен күннің әр сәтіне арналған – таңғы параларға дайындықтан кешкі демалысқа дейін. Мәзірде: Облепиха қоспасы, Глинтвейн, Ақ шоколадты Мокко-Матча, Алмұрт Улун с карамель бар.

Сусындар Green Apple нүктелерінде қолжетімді болады, ал студенттерімізге бұл мәзір бойынша 20% жеңілдік ұсынылады.

College Caspian мобильді қосымшасының іске қосылуы

Каспий университеті колледжінде студенттерге арналған ресми мобильді қосымша іске қосылды. Аталған цифрлық сервис оқу үдерісіне және студенттердің күнделікті өміріне қажетті ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, өзара байланысты жеделдету және бірыңғай әрі ыңғайлы платформа қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Қосымша қарапайым тіркелу жүйесімен, интуитивті түсінікті интерфейсімен және қазақ және орыс тілдерін қолдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Авторизациядан кейін студенттер басты бет арқылы өз тобы, курсы, сабаққа қатысу көрсеткіші, бүгінгі сабақ кестесі, колледждің соңғы жаңалықтары мен алдағы іс-шаралар туралы өзекті ақпаратпен таныса алады. Деректер нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады.

Қосымшада әрбір студентке қажетті негізгі бөлімдер қамтылған. Пайдаланушылар жаңалықтарды санаттар бойынша (академиялық, спорттық, мәдени) қарау, бір аптаға арналған сабақ кестесін көру, іс-шараларға бір рет басу арқылы тіркелу, сондай-ақ колледждің спорттық және басқа да клубтарына жазылу мүмкіндігіне ие.

«Профиль» бөлімінде студенттің жеке деректері, үлгерімі, орташа балы және қосымшаның тілдік баптаулары көрсетілген. Сонымен қатар «Басшылық» бөлімінде колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамы, дресс-код талаптары, ішкі тәртіп ережелері, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат ұсынылған.

Кері байланыс пен қауіпсіздікке ерекше назар аударылған. «Сенім қызметі» арқылы студенттер ұсыныс, сұрақ, шағым, алғыс білдіру немесе қауіпсіздікке қатысты өтініштерін қажет болған жағдайда анонимді түрде жолдай алады. Қосымша IOS және Android платформаларында жүктеуге қолжетімді және барлық студенттерге пайдалануға ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт

15 желтоқсанда Каспий университеті колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушылар мен колледж қызметкерлерін біріктіріп, отансүйгіштікке, еліміздің тарихы мен ұлттық құндылықтарына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шығу және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Даму және кәсіби оқыту жөніндегі директордың орынбасары Нұрдавлетова Лаура Моряковна құттықтау сөз сөйлеп, колледж директорының атынан оқытушыларға алғыс грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.

Бағдарлама аясында Қазақстанның тарихи өткені мен мәдени мұрасын айшықтайтын мазмұнды шығармашылық нөмірлер ұсынылды. ПО 25-1 тобының студенті Жеңісұлы Диас домбырада «Жауға» күйін орындады, Starlight Stage шығармашылық ұжымы ұсынған «Уақыт көпірі» сахналық көрінісі ел тарихындағы маңызды кезеңдерге арналды. Сондай-ақ МР 25-1 тобының студенті Азатова Камалия «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаса, ТК 25-1 тобының студенттері Бейсен Меруерт пен Нұриева Мехирбанум репрессия жылдарындағы кейіпкерлердің көркем монологын оқыды. Концерт соңында барлық қатысушылар мен белсенділер «Атамекен» әнін бірлесе орындады.

Салтанатты кеш жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл концерт Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне деген құрметті арттырып, студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтуға және ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға зор үлес қосты.

Мұражай және көрме экскурсиялары

ГБ 25-1, МР 25-1, ПО 25-1 топтарының, сондай-ақ «Туризм» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің студенттеріне «Өлке тарихындағы тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында мұражай және көрме экскурсиялары ұйымдастырылды. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп, білім алушылардың тарихи-мәдени танымын кеңейтуді мақсат етті.

Экскурсия барысында студенттер Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айғақтайтын негізгі экспозициялармен танысты. Қатысушыларға өңірдің тарихи жолын және оның жалпыұлттық дамуға қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін мұрағат материалдары, сирек артефактілер мен деректі құжаттар ұсынылды.

Бағдарлама студенттердің патриоттық тәрбиесін нығайтып, еліміздің тарихи мұрасына деген құрметін арттырды. Қатысушылар мұндай экскурсиялардың маңыздылығын атап өтіп, олардың тәуелсіздіктің құндылығын терең сезінуге және мәдени жадыны сақтауда әр азаматтың рөлін түсінуге ықпал ететінін жеткізді.