«Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбында ерлік сабағы

Бүгін, үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанында  колледж кітапханашысы Ошақбаева Н.Қ. ТК 25-1 тобымен «Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбында ерлік сабағын өткізді. Кіріктірілген сабаққа қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Итемирова А.С. қатысты.

Сабақтың мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының  өмірінен мағлұмат бере отырып, Отан үшін отқа түсетін, егемен еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа елжандылық тәрбие беру. Батыр ата  ерлігінен  үлгі алуға  баулу. Отанын, туған жерін сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Шараның өту жоспары:

  1. Кіріспе сөз.
  2. «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін».
  3.  «Жыр сағаты».
  4. Кітап көрмесімен таныстыру.
  5. Қорытынды.

         Студенттер «Жыр сағаты» кезеңінде Бауыржан Момышұлының шығармалары мен Батырға  арналған шығармалардан үзінділер оқыды.

         Сабақтың соңында кітапханашы «Бауыржан Момышұлы – аңыз адам» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырылым жасады.