EF Spelling Bee ағылшын тілі бойынша білім сайысы
30 желтоқсанда колледж студенттері EF Spelling Bee ағылшын тілі бойынша білім сайысына қатысып, шетел тілін меңгеру деңгейін, сондай-ақ reading және listening дағдыларын көрсетті. Аталған іс-шара білім алушылардың тілдік құзыреттілігін, зейінін және академиялық ынтасын арттыруға бағытталды.
Сайыс барысында қатысушылар ауызша және жазбаша мәтіндерді түсіну, сөздік қоры мен тыңдап қабылдау қабілетін тексеруге арналған тапсырмаларды орындады. Конкурс студенттерге өз білімін көрсетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ағылшын тілін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз EF Spelling Bee ойынының финалдық кезеңіне жолдама алады. Ал финалистер арасынан іріктелген екі жүлдегер EF (English First) компаниясының Англиядағы жазғы тілдік лагерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады.



