Көрісу күні
Колледжде «Көрісу күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Шара оқу ғимаратының 6-қабатында ұйымдастырылып, оны жалпы білім беру пәндері циклдік-әдістемелік комиссиясының оқытушылары – тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ кітапхана меңгерушісі ТК-25-1 тобының студенттерімен бірлесіп өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар «Көрісу күні» мерекесінің дәстүрлерімен танысты. Бұл мереке адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандасып, өзара құрмет пен ізгі ниетті білдіруін, достық қарым-қатынастарды нығайтуды білдіреді. Шара барысында жылы әрі достық атмосфера қалыптасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның соңында қонақтарға дәстүрлі бауырсақ ұсынылып, қатысушылар ұлттық дәстүрдің ерекше рухын сезіне алды.



