ҚАЗ РУС ENG
Search for:
WorldSkills жеңімпаздарын салтанатты марапаттау

Бүгін колледж директоры WorldSkills чемпионатының қатысушыларын жетістіктері мен лайықты өнер көрсеткендері үшін салтанатты түрде құттықтады.

Ерекше атмосфераны «құттықтау дәлізі» қалыптастырды – студенттерді топтастары қол шапалақтап, жылы лебіздерін білдіріп қарсы алып, олардың жетістіктеріне қолдау мен мақтаныштарын көрсетті.

Жылы әрі достық жағдайда кездесу өтіп, оның аясында фуршет ұйымдастырылды. Қатысушылар чемпионатқа қатысу барысындағы әсерлерімен, тәжірибелерімен және эмоцияларымен бөлісті.

Мұндай кездесулер студенттерді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, кәсіби дамуға ынталандырады.

Біздің ENACTUS CCU командасы жартылай финалда!

Біздің Enactus CCU командасы өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жетістік – табанды еңбектің, командалық рухтың және дамуға деген ұмтылыстың нәтижесі.

Студенттерімізді осы тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз және олардың жетістіктерімен мақтанамыз!

Командамызға жартылай финалда сенімділік, шабыт және сәттілік тілейміз – тек алға, жаңа жеңістерге!



Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Almaty 2026 жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті

Бұл оқиға ауқымды жарыстың жарқын финалы болды, онда қатысушылар жоғары дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар таңдаған мамандықтарына деген шынайы қызығушылықтарын көрсетті. Біздің студенттер колледжді лайықты түрде таныстырып, негізгі құзыреттер бойынша жүлделі орындарға ие болды:

WEB-технологиялар – Шмелев Игорь 3 орын (эксперт: Есімбеков Бекзат Саятұлы)
Мобильді қосымшаларды әзірлеу – Карбозова Камилла 3 орын (эксперт: Мұханғалив Фархад Еркінұлы)
Бизнеске арналған IT-шешімдер – Щинар Хасиб 2 орын (эксперт: Пайзолла Айсымбат)
Компьютерлік ойындарға арналған 3D-модельдеу – Садиржанов Имрам кәсібилігі үшін медальон (эксперт: Абдуалиев Алмаз Едігеұлы)

Қатысушыларды дайындау тәжірибелі сарапшылардың жетекшілігімен жүргізілді, олардың қолдауы мен кәсібилігі осындай нәтижелерге қол жеткізуде маңызды рөл атқарды.

Биыл біздің команда бірден 9 құзырет бойынша қатысып, өз рекордын орнатқаны маңызды — бұл өсу, амбиция және дамуға деген ұмтылыстың көрсеткіші.

Біздің студенттер мен сарапшыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер — жай ғана жеңістер емес, табысты кәсіби болашаққа жасалған сенімді қадам.

5517 әскери бөлімшесіне сапар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштері

«Қайсарлық сабағы» аясында, Ауғанстаннан әскерлерді шығару оқиғасының 36 жылдығына орай, 25-2П, МР 25-1 және ПД 22-2П топтарының студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштері құрамындағы 5517 әскери бөлімшеге барды. Шараның мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел тарихы мен әскери қызметкерлердің ерлігін құрметтеуге үйрету, сондай-ақ жас буынға әскери борыштың маңызын түсіндіру болды.

Сапар барысында студенттер әскери қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігімен, қызмет жағдайларымен танысты, казармаларға, оқу бөлмелеріне және бөлімшенің нысандарына барды, сондай-ақ әскери техника мен жабдықтарды көрді. Бөлімшенің өкілдері Ұлттық Қарулы Күштердің міндеттері, қызмет ерекшеліктері мен жеке құрамға қойылатын талаптар жайлы айтып берді, сондай-ақ салтанатты тәртіп пен бөлімшенің әскери дайындық жаттығуларын көрсетті.

Атап айтқанда, Ауған соғығы тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметкерлер интернационалдық борышын орындаған сарбаздардың ерлігі туралы тарихи деректермен бөлісті, студенттердің сұрақтарына жауап берді және өткенді есте сақтаудың азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Сапар жастарға зор әсер қалдырды және азаматтық-патриоттық тәрбиенің маңызды шарасына айналды.

Түркістан қаласына танымдық сапар


«Туризм» білім беру бағдарламасы аясында колледж студенттері Түркістан қаласына танымдық сапар жасады. Сапар кәсіби білімдерін тереңдетуге, елдің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға және туризм саласындағы тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталды.

Сапар барысында студенттер бірқатар маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін аралады: Арыстан баб кесенесі, Отырар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Түркістандағы Керуен-сарай және Түркістанның қорған қабырғасы. Сонымен қатар, бағдарламаға Ақ-Мешіт үңгірі, Домалақ ана кесенесі, Айша-Бибі кесенесі және Бабаджа Хатун кесенесіне бару кірді.

Сапар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, туристік маршруттармен, экскурсиялық қызметтің ерекшеліктерімен және саяхаттарды ұйымдастыру үдерісімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен әсерлер туризм саласындағы болашақ мамандардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігіне айналады.

Шетел тілдеріндегі бейнероликтер байқауы


Колледжде ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінде өткен бейнероликтер байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар креативті әрі мазмұнды жұмыстарын ұсынып, тілдерді меңгерудің жоғары деңгейін, сондай-ақ заманауи бейнеформаттар арқылы тақырыпты аша білу қабілеттерін көрсетті.

Байқау студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және шетел тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға тамаша мүмкіндік болды. Қазылар алқасы идеялардың бірегейлігін, орындау сапасын және тақырыптың терең ашылуын, сондай-ақ қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын — Усманов Ельдос, ТК 23-2 и Щинар Хасиб, ПО 22-1П
2 орын — Сигачева Василиса, Мемельбек Жанна, ТР 25-2
3 орын — Азизова Малика, Цой Регина, ПД 23-2П

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі, таланты және жаңа білімге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!

Көрісу күні

Колледжде «Көрісу күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Шара оқу ғимаратының 6-қабатында ұйымдастырылып, оны жалпы білім беру пәндері циклдік-әдістемелік комиссиясының оқытушылары – тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ кітапхана меңгерушісі ТК-25-1 тобының студенттерімен бірлесіп өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар «Көрісу күні» мерекесінің дәстүрлерімен танысты. Бұл мереке адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандасып, өзара құрмет пен ізгі ниетті білдіруін, достық қарым-қатынастарды нығайтуды білдіреді. Шара барысында жылы әрі достық атмосфера қалыптасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шараның соңында қонақтарға дәстүрлі бауырсақ ұсынылып, қатысушылар ұлттық дәстүрдің ерекше рухын сезіне алды.

Шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы қонақ дәрісі

Студенттер Кипр және Китай сияқты елдерде білім алудың перспективалары туралы білді: оқуға түсу талаптары, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, студенттік өмір және түлектерге ашылатын халықаралық мүмкіндіктер жайлы ақпарат алды.

Кездесу барысында спикер – JRC білім беру орталығының өкілі – шетелде оқуға түсу мүмкіндіктері туралы айтып, құжат тапсыру процесін, университетті таңдау жолдарын түсіндіріп, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Осындай дәрістер студенттердің көкжиегін кеңейтіп, шетелдік білім беру жүйесін тереңірек түсінуге және халықаралық білім беру ортасына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.