5517 әскери бөлімшесіне сапар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштері
«Қайсарлық сабағы» аясында, Ауғанстаннан әскерлерді шығару оқиғасының 36 жылдығына орай, 25-2П, МР 25-1 және ПД 22-2П топтарының студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Қарулы Күштері құрамындағы 5517 әскери бөлімшеге барды. Шараның мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел тарихы мен әскери қызметкерлердің ерлігін құрметтеуге үйрету, сондай-ақ жас буынға әскери борыштың маңызын түсіндіру болды.
Сапар барысында студенттер әскери қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігімен, қызмет жағдайларымен танысты, казармаларға, оқу бөлмелеріне және бөлімшенің нысандарына барды, сондай-ақ әскери техника мен жабдықтарды көрді. Бөлімшенің өкілдері Ұлттық Қарулы Күштердің міндеттері, қызмет ерекшеліктері мен жеке құрамға қойылатын талаптар жайлы айтып берді, сондай-ақ салтанатты тәртіп пен бөлімшенің әскери дайындық жаттығуларын көрсетті.
Атап айтқанда, Ауған соғығы тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметкерлер интернационалдық борышын орындаған сарбаздардың ерлігі туралы тарихи деректермен бөлісті, студенттердің сұрақтарына жауап берді және өткенді есте сақтаудың азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Сапар жастарға зор әсер қалдырды және азаматтық-патриоттық тәрбиенің маңызды шарасына айналды.



