«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері Tourism Open Air Festival 2026 фестивалінде 3-орын иеленді

Каспий университеті колледжінде «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған команда Tourism Open Air Festival 2026 фестиваліне қатысты. Команданы Абдрайымов М.А., Асанов Ұ.Ш. және Зайрахунова Д.К. дайындап, сүйемелдеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша Каспий университеті колледжінің командасы университеттер мен колледждер командалары арасында 3-орынға ие болды.

Студенттер мен команда жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!