Автомектептің жаңа легі: оқу басталды!
Каспий университетінің Колледжінде автомектептің жаңа легі өз оқуын бастады. Студенттер көлік жүргізу куәлігін алуға дайындық аясында қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге кірісті.



Каспий университетінің Колледжінде автомектептің жаңа легі өз оқуын бастады. Студенттер көлік жүргізу куәлігін алуға дайындық аясында қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге кірісті.



Каспий университетінің Колледжінде «Чемпиондық рух» республикалық жобасы аясында және Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында студенттерге арналған таңғы жаттығу өтті.
Іс-шара дене белсенділігін насихаттауға және студенттер арасында салауатты әрі белсенді өмір салтына дағдылануды қалыптастыруға бағытталды.



Каспий университетінің Колледжінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған апталық аясында ТК 25-1 тобына «Белсенді туристік саяхаттарға арналған жабдықтардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты оқытушы Абдрайымов М.А. өткізді. Студенттер туристік жабдықтардың негізгі түрлерімен, олардың мақсаты және белсенді саяхаттарда қолдану ерекшеліктерімен танысты.
Ашық сабақ студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, туристік саяхаттарға дайындық туралы практикалық түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.



Каспий университетінің колледжінде еңбек ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуді «Толық адам» әлеуметтік жобасы аясында «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының өкілдері ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының 2027 жылдан бастап күшіне енетін зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер болды. Қатысушыларға негізгі жаңалықтар мен оларды қолдану ерекшеліктері түсіндіріліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



Шанхай қаласына жұмыс сапары аясында Каспий университеті колледжінің директоры Ануаш Жігер Дүйсенбекұлы Қытайдың жетекші білім беру ұйымдарына барды. Кездесулер барысында оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, заманауи материалдық-техникалық базамен, озық технологиялармен және сұранысқа ие мамандарды даярлау тәжірибесімен танысты.
Қытайлық әріптестермен өткен кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Негізгі бағыттар қатарында бірлескен білім беру жобаларын дамыту, тағылымдамалар ұйымдастыру, педагогтер мен студенттер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бар.
Алынған тәжірибе мен қол жеткізілген келісімдер колледжді дамытуға және студенттер мен педагогтер үшін қосымша білім беру және кәсіби мүмкіндіктер жасауға жаңа жол ашады.



Каспий университеті колледжінің директоры Ануаш Жігер Дүйсенбекұлыы Шанхай қаласында өтіп жатқан WorldSkills Shanghai 2026 48-ші әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатына барды.
Чемпионатқа 70-тен астам ел мен өңірден 1 400-ден астам қатысушы жиналды. Чемпионат алаңдарында ондаған құзыреттілік бойынша сайыстар өтіп, заманауи технологиялар мен озық кәсіби шешімдер ұсынылуда.
Ануаш Жігер Дүйсенбекұлы чемпионат өтіп жатқан жерден кадрлармен бөлісіп, WorldSkills Shanghai 2026 атмосферасын ішінен көрсетті.



ТР 24-2 тобының студенттері Туребаев Арыстан мен Абдуллаева Альмира техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Tourism Smart Guys by WorldSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Команда жетекшісі – Асанов Ұлан Шәріпханұлы.
Байқау қорытындысы бойынша College Caspian командасы 1-орынға ие болды. Студенттеріміз бен команда жетекшісін тамаша нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа кәсіби жетістіктер мен жеңістер тілейміз!



Каспий университеті колледжінде «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған команда Tourism Open Air Festival 2026 фестиваліне қатысты. Команданы Абдрайымов М.А., Асанов Ұ.Ш. және Зайрахунова Д.К. дайындап, сүйемелдеді.
Фестиваль қорытындысы бойынша Каспий университеті колледжінің командасы университеттер мен колледждер командалары арасында 3-орынға ие болды.
Студенттер мен команда жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!



Каспий университеті колледжінде педагогтерге арналған «Жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында интерактивті тренинг өтті. Іс-шара педагогтердің АИТВ инфекциясының алдын алу және жасөспірімдермен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша ақпараттандырылу деңгейін арттыруға бағытталды.
Тренинг спикері – «Теңнен теңге плюс» ҚБ өкілі Козлова Анна Александровна. Кездесу барысында қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерін талқылап, өзекті ақпарат алды және интерактивті тапсырмаларға қатысты.
Мұндай іс-шараларды өткізу педагогтердің құзыреттілігін арттыруға және жасөспірімдердің денсаулығы мен профилактика мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.



Каспий университеті колледжінде кәмелетке толмағандардың психологиялық денсаулығын нығайтуға және суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған «Сенімді дос» жобасын іске асыру аясында колледж қызметкерлеріне арналған тақырыптық семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқаты, жасөспірімдермен өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, эмоционалдық қиындықтарды дер кезінде анықтау және қажетті қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Колледж қызметкерлерінің қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің ақпараттандырылуын және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ колледж студенттеріне көрсетілетін психологиялық қолдау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.


