Белсенді туристік саяхаттарға арналған жабдықтар бойынша ашық сабақ
Каспий университетінің Колледжінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған апталық аясында ТК 25-1 тобына «Белсенді туристік саяхаттарға арналған жабдықтардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты оқытушы Абдрайымов М.А. өткізді. Студенттер туристік жабдықтардың негізгі түрлерімен, олардың мақсаты және белсенді саяхаттарда қолдану ерекшеліктерімен танысты.
Ашық сабақ студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, туристік саяхаттарға дайындық туралы практикалық түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.



