«Tourism Smart Guys by WorldSkills» республикалық байқауында College Caspian студенттері 1-орын иеленді

ТР 24-2 тобының студенттері Туребаев Арыстан мен Абдуллаева Альмира техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Tourism Smart Guys by WorldSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Команда жетекшісі – Асанов Ұлан Шәріпханұлы.

Байқау қорытындысы бойынша College Caspian командасы 1-орынға ие болды. Студенттеріміз бен команда жетекшісін тамаша нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа кәсіби жетістіктер мен жеңістер тілейміз!