«Чемпиондық рух» жобасы аясындағы таңғы жаттығу

Каспий университетінің Колледжінде «Чемпиондық рух» республикалық жобасы аясында және Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында студенттерге арналған таңғы жаттығу өтті.

Іс-шара дене белсенділігін насихаттауға және студенттер арасында салауатты әрі белсенді өмір салтына дағдылануды қалыптастыруға бағытталды.