Каспий университетінің колледжінде 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер талқыланды
Каспий университетінің колледжінде еңбек ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуді «Толық адам» әлеуметтік жобасы аясында «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының өкілдері ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының 2027 жылдан бастап күшіне енетін зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер болды. Қатысушыларға негізгі жаңалықтар мен оларды қолдану ерекшеліктері түсіндіріліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



