ҚАЗ РУС ENG
Найти:

Студенттерді бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру бойынша жадынама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (студент немесе оның заңды өкілі) білім беру ұйымына не «электрондық үкіметтің» веб-порталына ауыстыру туралы «білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік стандартының 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтінішпен жүгінеді.

Академиялық айырмашылық

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық айырмашылық айқындалады.

Оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына сәйкес нысан бойынша берілген транскрипте немесе анықтамада көрсетілген оқытылған пәндердің/модульдердің тізбесі мен көлемі негізінде білім алуды аяқтамағанын айқындайды.

Аударым мерзімі

Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа тұрғылықты жеріне көшкен жағдайда растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны демалыс уақытынан тыс кезеңде ауыстыруға жол беріледі.

Қалған жағдайларда білім алушыларды ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

Құжаттар тізімі

Бір білім беру ұйымынан екіншісіне:

  • білім алушының (заңды өкілінің) еркін нысанда ауыстыру туралы өтініші;
  • білім алушының білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.

Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарына ауыстыру кезінде:

  • игерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім беру деңгейін аяқтау туралы құжат;
  • шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі қабылдау сынақтарының нәтижелері.