Әдістемелік жұмыстың мақсаты: колледждің педагогикалық құрамының кәсіби дағдылары мен инновациялық құзыреттілігін жетілдіруді ынталандыратын қолайлы ғылыми-әдістемелік орта құру, шығармашылық әлеуетті дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
- Колледжді дамытудың кешенді бағдарламасын іске асыруда ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
- Білім берудің жаңа мазмұнымен, инновациялық білім беру және тәрбие технологияларымен, озық педагогикалық тәжірибемен, психологиялық-педагогикалық ғылымдардың жетістіктерімен танысу үшін сонымен қатар, тәжірибеге енгізу мақсатында педагогтерді қолдауға арналған ақпараттық алаң құру.
- Педагогиканың озық дағдылары мен технологияларын меңгеруде педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жетілдіру. Оқу процесіне АКТ-технологияларды, жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді, оқытудың автоматтандырылған жүйелерін, оқу және практикалық сабақтарды ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу және енгізу.
- Қазіргі педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және тарату. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін пәндер бойынша оқу құралдары мен басқа да оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару.
- Педагогтің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
- Аттестаттау кезінде әкімшілік-педагогикалық құрамды ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық – әдістемелік жағынан қолдау.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС:
- Педагог қызметкерлерді педагогикалық теория және практикадағы жетістіктер мен инновациялар туралы хабардар ету.
- МЖМБС сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларын және басқа оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуде әдістемелік қолдау.
- Оқытушылардың кәсіби біліктілігін және ғылыми-педагогикалық шеберлігін арттыруды ынталандыру.
- Әдістемелік көрмелерге қатысу және өз жетістіктерін тарату арқылы педагогтердің оқу-әдістемелік жұмысының, инновациялық қызметінің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу. Педагогикалық портфолионы таратуға және қалыптастыруға ұсынылған нормативтік, оқу-бағдарламалық және ғылыми-әдістемелік құжаттамаларды, үздік әзірлемелерді жинақтау және жүйелеу.
- Циклдік әдістемелік комиссиялар (ЦӘК), әдістемелік кабинет және әкімшілік арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігінің сапасына және колледждің педагогикалық құрамының дамуына мониторинг жүргізу.
- Білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үдерісінің кешенді мониторингі.
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ:
- Педагогикалық оқулар, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-практикумдар, шығармашылық жұмыстарды қарау, кәсіби конкурстар.
- Ғылыми, педагогикалық және басқа әдебиеттерге шолу жасау.
- Кәсіби шеберлік бойынша байқаулар, шеберлік сыныптары, ашық сабақтар, вебинарлар және т. б.
- ЦӘК және жекелеген оқытушылардың кешенді жұмысы.
- Педогогикалық тәжірибелермен алмасу және тарату. Педагогтердің біліктілігін арттыру.
Ғылыми-әдістемелік міндеттерді шешу келесі жұмыстар арқылы жүзеге асырылады:
- Әдістемелік кеңес
- Циклдік әдістемелік комиссиялар (ЦӘК)
- «Педагогикалық шеберлік мектебі»
- «Жас педагог мектебі»
- Тәлімгерлік.