Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт
Каспий университеті колледжінде Халықаралық әйелдер күні — 8 наурызға орай салтанатты концерт өтті. Мерекелік ісшара колледжіміздің аяулы аруларына арналы ұйымдастырылды.
Қонақтар үшін шығармашылық нөмірлерден тұратын жарқын әрі мазмұнды концерттік бағдарлама дайындалды. Сахнада студенттер, оқытушылар және колледж әкімшілігінің өкілдері өнер көрсетіп, көрермендерге жылы атмосфера, шынайы құттықтаулар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл концерт колледждің әйелдер қауымына олардың еңбегі, қамқорлығы, шабыттандыруы және білім беру қауымдастығының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс пен құрмет білдіруге тамаша мүмкіндік болды.
Мереке қуанышқа, жылулыққа және көктемгі көңіл күйге толы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.



